+7(701)852 8770   |    sad7@ayagoz-roo.kz

"Балабақшада қолданылатын тиімді технологиялар" атты аудандық семинар.

"Балабақшада қолданылатын тиімді технологиялар" атты аудандық семинар.

" Баршаға қол жетімді сапалы білім" ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында Аягөз аудандық білім бөлімінің жол картасының "Біртұтас тәрбие" кейсі бойынша "Аягөз қалалық #7 бөбекжай-балабақшасы"КМҚК-да "Балабақшада қолданылатын тиімді технологиялар" атты аудандық семинар өтті. Мақсаты: Тиімді технологиялардың түрлерін қарастыру, мектепке дейінгі ұйымдарда оларды қолдану тиімділігін көрсету.Семинарды аудандық білім бөлімінің басшысы Нургали Тлеккаливичтің алғы сөзімен басталды.Тәрбиешілер "Отбасы -басты құндылық" атты көлеңке театрын , кіріктірілген іс -әрекеттер көрсетті. Семинарға келген қатысушыларға "Ұлттық қол өнер арқылы балалардың саусақ моторикасын дамыту" шеберлік сынып өткізді. Қазақтың ұлттық ойындары жаңартылған нұскада көрсетіліп, іс - тәжірибе таратылды.Балабақша бүлдіршіндерінің "Біз өнерлі баламыз!" атты концерттік бағдарламасы көрсетіліп, педагогтардың "Менің балабақшам!" хормен аяқталды. "Бір шәугім шай" атты кері байланыс ұйымдастырылып, Аудандық білім бөлімінің әдіскері Салима Сериковна және балабақша меңгерушісінің м.у.а. Бибигуль Слямовна семинар қатысушыларына алғыс білдірді.
# абай _білім_басқармасы
#біртұтас тәрбие бағдарламасы
#Аягөз ауданының жол картасы
#Аягөз қалалық #1 бөбекжай- балабақшасы_ Құзіреттілік орталығы
 
Бөлісіңіз :

Жаңа пікір қосу

 Пікіріңіз сәтті жіберілді. Рахмет!   Жаңарту
Қате: қайталап көріңіз