Кеңес беру пункті жаз уақытында да қызмет атқарады.

Балабақшамызда консультациялық пункттер ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып балалары мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған ата-аналар үшін, отбасын және тәрбиеленушіні әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында құрылады. Консультациялық пункттер балабақша мен отбасы арасындағы өзара әрекеттің дәстүрлі түрлерінің бірі тәрбиешілердің ата-аналарға (заңды өкілдерге) жеке және топтық консультация беру қызметін іске асырады. Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәжірибесінде тәрбиешілер ата-аналардың сұранысы негізінде немесе балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып консультация бере алады. Сонымен қатар балабақшаның басқа мамандары (әдіскер, психолог, логопед, дефектолог және т.б.) ата-аналарға (заңды өкілдерге) қандай да бір мәселе бойынша кеңес береді.
Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагогтермен, психологтармен және басқа мамандармен үнемі сөйлесуге мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек беруге, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуын қолдауға арналған.
Ата-аналар (заңды өкілдер) мен отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар үшін ұйымдастырылған консультациялық пункттердің жұмысы мектепке дейінгі ұйымдар, әдістемелік орталықтар базасында жүзеге асырылады.
Жаңа пікір қосу